1 күн бұрын

Данилина Australian Open-2026 жұптық турнирінің жартылай финалына шықты

Данилина Australian Open-2026 жұптық турнирінің жартылай финалына шықты

Қазақ теннисшісі Анна Данилина сербиялық әріптесі Александра Круничпен жұптасып, Australian Open-2026 турнирінің жартылай финалына шықты. Олар турнирдің бірінші ракеткалары Катерина Синякова мен Тейлор Таунсендті үш сетте жеңді.

Мельбурндегі турнирдің ширек финалында Данилина мен Крунич ең мықты қарсыластарымен кездесіп, 1 сағат 40 минутқа созылған күрделі матчтан кейін жеңіске жетті. Жарыстың шешуші сетінде қазақ-серб дуэті қарсыластарын 6:0 есебімен жеңіп, айқын басымдық көрсетті.

Жартылай финалда Данилина мен Крунич Шувэй Се / Елена Остапенко – Габриэла Дабровски / Луиза Стефани жұбтарының жеңімпазымен кездеседі.



Біздің серіктес: Бізге тіркел!