20 сағат бұрын
Әмір Омарханов Испаниядағы турнирде топ жарды
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Әмір Омарханов жұптық сында Манакор (Испания) ITF M15 турнирінде топ жарды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген Омарханов америкалық Гэвин Янгпен бірге төрт матч өткізді. Қазақстандық-америкалық дуэт жартылай финалда ұлыбританиялықтар Джо Литер — Маркус Вальтерстен 6:2, 6:3 есебімен басым түсті. Соңғы бәсекеде аустралиялық Тай Хост — ресейлік Егор Плешивцевпен чемпиондық атақты сарапқа салды.
Бірінші партия 7:5 есебімен аустралиялық-ресейлік жұптың еншісіне жазылды. Екіншісінде Омарханов — Янг есе қайырды — 6:3. Содан кейін супер тай-брейкте жеңісті жұлып алды — 10:8.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!