5 күн бұрын
Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының жеңімпазы атанды
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Теннистен 114-мәрте өтіп жатқан айтулы Australian Open турнирінде 26 жастағы Елена Рыбакина финалда әлемдік рейтингте 1-орында тұрған Арина Соболенконы 6:4, 4:6, 6:4 есебімен жеңіп кетті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Осылайша, Елена Рыбакина өз мансабында екінші мәрте «Үлкен дулыға» бәсекесінде (2022 жылы Wimbledon-ды алды) чемпион атанды.
Осы жеңістің арқасында отандасымыз 3 млн-ға жуық АҚШ долларын (1 млрд 473 млн 309 мың теңге) иеленіп, әлемдік рейтингте 3-орынға көтерілді.
Айта кетейік, қос теннисші 2023 жылы да Australian Open-нің финалында жолығып, Беларусь спортшысының мерейі үстем болған еді.
Жарыс жолындағы қарсыластары:
1/2 финал. Джессика Пегула (АҚШ) - 6:3, 7:6 (9:7)
1/4 финал. Ига Швентек (Польша) - 7:5, 6:1
1/8 финал. Элиза Мертенс (Бельгия) - 6:1, 6:3
1/16 финал. Тереза Валентова (Чехия) - 6:2, 6:3
1/32 финал. Варвара Грачева (Франция) - 7:5, 6:2
1/64 финал. Кайя Йуван (Словения) - 6:4, 6:3
Елена Рыбакина спорттық мансабында 27 млн доллардан астам табыс тауып, теннистен ең көп ақша тапқан әйелдер арасында 13-орында тұр.
Қай елдің теннисшілері топ жарған
1905 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан Australian Open бәсекесінде әйелдер сайысынан 15 елдің ғана өкілі топ жарған.
Аустралия - 44
АҚШ - 26
Германия - 5
Ұлыбритания - 3
Югославия - 3
Швейцария - 3
Беларусь - 2
Бельгия - 2
Чехословакия - 2
Франция - 2
Жапония - 2
Қытай - 1
Дания - 1
Ресей - 1
Қазақстан - 1
Біздің серіктес: Бізге тіркел!