5 күн бұрын
Ел президенті Елена Рыбакинаның жеңісіне назар аударды
Теннистен Аустралияда өтіп жатқан Australian Open бәсекесінде жеңіске жеткен Елена Рыбакинаны ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады, деп хабарлайды Sport12.kz
"Қымбатты Елена!
Сізді спорттағы кезекті тамаша жетістігіңізбен – теннистен Австралия ашық чемпионатындағы керемет, айқын жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Сіз жеңіске деген ерік-жігеріңіз бен мінсіз шеберлігіңізді тағы да дәлелдедіңіз, бұған бүкіл әлемнің теннис қауымдастығы сүйсіне қарады.
Алдағы уақытта да ең беделді турнирлерде жеңіске жете беруіңізге тілектеспін!", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Елена Рыбакинаның жеңісі оған «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі екінші титулын алып келді. 2022 жылы Елена Уимблдон турнирінде жеңіске жеткен болатын.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!
Қанат Байұзақов