5 күн бұрын

Арина Соболенко Australian Open-дегі жеңілістің себебін түсіндірді

Арина Соболенко Australian Open-дегі жеңілістің себебін түсіндірді

Әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь теннисшісі Арина Соболенко Australian Open-2025 финалындағы ойынын сараптады, деп хабарлайды Sport12.kz

— Бүкіл матч бойы теннис өте агрессивті болды. Сол сәтте оның жоғалтатын ештеңесі жоқ еді. Сондықтан ұтыстарды керемет деңгейде өткізді. Оның әр добы жүріп тұрды. Сондықтан менде брейк жасауға бір ғана мүмкіндік болды. Білмеймін, мүмкін өз доп қосу сәтімде батыл ойнап, оған көбірек қысым көрсету керек пе еді. Бірақ ол керемет ойнады. Виннерлер жасады. Ал мен бірнеше қателікке жол бердім. Әрине, 3:0 есебімен алда келе жатып, санаулы сәттен кейін 3:4 болып кеткенде өкініш болады. Барлығы өте тез өтті. Ол тамаша теннис көрсетті, ал мен ақылды ойнамадым. Бүгін мен жеңілдім. Мүмкін ертең жеңімпаз болармын. Ал мүмкін тағы да жеңілермін. Олай болмайды деп үміттенемін, — деді Соболенко баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, Қазақстан атынан шыққан Елена Рыбакина финалда бейтарап спортшы Арина Соболенконы 6:4, 4:6, 6:4 есебімен жеңіп кетті.


Біздің серіктес: Бізге тіркел!