4 күн бұрын
Новак Джокович финалдағы жеңілісіне қатысты эмоциясын білдірді
«Үлкен дулыға» турнирлерінің 24 дүркін чемпионы, сербиялық теннисші Новак Джокович 2026 жылғы Australian Open финалында испаниялық Карлос Алькарастан жеңілгеннен кейін пікір білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz
«Карлосты құттықтаймын. Керемет турнир өткіздің. Жаттықтырушыңды, отбасыңды және командаңды құттықтаймын. Сен тарихи, аңызға айналарлық іс жасап жүрсің. Мансабыңда алдағы уақытта сәттілік тілеймін. Сен өте жассың. Алда әлі көп уақытың бар, менде де солай. Алдағы 10 жылда біз әлі талай рет кездесеміз деп сенемін.
Трибунада отырған аңыз Рафаға [Надальға] да үн қатқым келеді. Сені алаңда емес, сол жақта көру өте біртүрлі. Бірақ сеніңмен бір кортты бөлісу мен үшін үлкен мәртебе болды және финалды осы жерден тамашалап отырғаныңды көру де ерекше сезім… Мен үшін бұл алғаш рет. Әрине, сәл оғаш әсер. Бірақ осында келгеніңе рахмет. Испаниялық аңыздар тым көп екен. Бүгін екі адам бір адамға қарсы ойнағандай әсер қалдырды. Бұл әділетсіздеу болды. Бірақ төзуге болады.
Ертең не боларын, тіпті алты немесе он екі айдан кейін не болатынын бір Құдай ғана біледі. Сондықтан бұл керемет сапар болды. Мен сендердің барлығыңды жақсы көремін», — деді Джокович матчтан кейінгі сөзінде.
Айта кетейік, финалдық ойын 6:2, 2:6, 3:6, 5:7 есебімен испандық теннисшінің пайдасына аяқталды.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!
Қанат Байұзақов