2 күн бұрын

Рыбакина Australian Open жеңісінен кейін қанша салық төлейді?

Рыбакина Australian Open жеңісінен кейін қанша салық төлейді?

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Australian Open турнирінде жеңіске жеткеннен кейін салық төлемдері қандай болатыны белгілі болды. Оның жүлде қаражатының едәуір бөлігі Австралия мен Қазақстан бюджетіне аударылады.

Австралияда шетелдік спортшыларға прогрессивті салық жүйесі қолданылады:

  • $135 000-ға дейінгі табыс – 30% салықпен;
  • $135 001–$190 000 аралығы – фиксирленген салық + лимиттен асқан әр доллардан 37 цент;
  • $190 000-нан жоғары – 45% салық.

Australian Open турнирінің жеңімпаздары, яғни Карлос Алькарас пен Елена Рыбакина, әрқайсысы $2 785 235 табыс тапты. Барлық ұстаулардан кейін олардың шотына шамамен $1,53 млн түседі.

Қазақстан мен Австралия арасында 2026 жылдың ақпанына дейін екі есе салық салудан сақтау келісімі жоқ, сондықтан Рыбакина Қазақстан бюджетіне де табысының 10%-ын төлеуге міндетті.



Біздің серіктес: Бізге тіркел!