10 сағат бұрын
Елена Рыбакина кортқа қашан оралады?
Қазақстандық теннисші, әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина Australian Open-2026 турниріндегі чемпиондығынан кейінгі жарысын таңдады, деп хабарлайды Sport12.kz
Ол Дубайда (БАӘ) өтетін WTA 1000 санатындағы турнирге қатысады.
Дубайдағы дода 15–28 ақпан аралығында ұйымдастырылады. Бұл турнир Рыбакина үшін Мельбурнда чемпион атанғаннан кейінгі алғашқы ресми бәсеке болмақ.
Айта кетейік, Елена бұған дейін Абу-Дабиде өтетін WTA 500 жарысына қатыспау туралы шешім қабылдаған.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!
Қанат Байұзақов