3 күн бұрын

Теннистен Астанадағы Дэвис кубогының кестесі белгілі болды

Теннистен Астанадағы Дэвис кубогының кестесі белгілі болды

6–7 ақпанда Астанада Дэвис кубогының плей-офф матчтары өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz

Онда Қазақстан мен Монако құрамалары кездеседі

Бірінші ойын күні 6 ақпанда Қазақстан уақытымен сағат 15:00-де кездесуді әлемнің 10-шы ракеткасы Александр Бублик Хьюго Нисқа қарсы бастап береді. Одан кейін кортқа Александр Шевченко мен Валантен Вашро шығады.

Келесі күні, 7 ақпанда, үш матч жоспарланған: алдымен Beeline Arena орталық алаңында Александр Шевченко/Бейбіт Жұқаев пен Роман Арнеодо/Хьюго Нис жұптары ойнайды. Одан кейін командалардың екі жетекші ойыншысы Александр Шевченко мен Валантен Вашро, сондай-ақ Александр Шевченко мен Хьюго Нис ойнайды. Ойындар үш жеңіске дейін өтеді. Ережеге сәйкес, әрбір команданың капитаны ойын басталғанға бір сағат қалғанда, кез келген матчта ойыншыны ауыстыру құқығына ие.


Біздің серіктес: Бізге тіркел!