2 күн бұрын

Теннистен елордадағы Дэвис кубогының алғашқы күні мәресіне жетті

Теннистен елордадағы Дэвис кубогының алғашқы күні мәресіне жетті

Қазақстандық теннисші, ATP рейтингінде 87-орында тұрған Александр Шевченко Дэвис кубогы аясында Қазақстан мен Монако құрамалары арасындағы кездесудің екінші матчында жеңіліс тапты, деп хабарлайды Sport12.kz

Жекелей кездесуде Александр Шевченко Валентин Вашеродан 0:6, 3:6 есебімен ұтылды.

Кездесу бір сағаттан сәл ғана аса уақытқа созылды.

Ертең жарыс аясында жұптық матч өтеді. Онда Қазақстан құрамасының намысын Бейбит Жұқаев пен Александр Бублик қорғайды. Олардың қарсыластары — Ромен Арнеодо мен Юго Нис.

Сондай-ақ екі жекелей кездесу жоспарланған:

Александр Бублик — Валентин Вашеро

Александр Шевченко — Юго Нис

Айта кетейік, егер командалардың бірі үш жеңіске бірінші болып жетсе, матчтық кездесу мерзімінен бұрын аяқталуы мүмкін. Қорытынды жеңіске жету үшін, құрамаға үш матчта жеңіске жету қажет.

Екі жекелей кездесуден кейін матчтық дуэльдегі есеп теңесті — 1:1.


Біздің серіктес: Бізге тіркел!