7 сағат бұрын

Теннистен Қазақстанның ерлер құрамасы Дэвис кубогын аяқтады

Теннистен Қазақстанның ерлер құрамасы Дэвис кубогын аяқтады

Әлемнің оныншы ракеткасы, Қазақстанның ең үздік теннисшісі Александр Бублик Дэвис кубогы аясында Қазақстан құрамасы сапында Монако өкілі, әлемнің 27-ракеткасы Валентин Вашеромен матч өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz

Кездесу Монако теннисшісінің екі сеттегі жеңісімен аяқталды. Екі сет те тай-брейкке дейін жетті. Есеп: 7:6 (7:4), 7:6 (9:7). Матч шамамен екі сағатқа созылды.

Осылайша, кездесудің қорытындысы бойынша, Қазақстан құрамасы Монако командасына 1:3 есебімен жол берді.

Айта кетейік, өткен жылы да Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореяға есе жіберген еді.


Біздің серіктес: Бізге тіркел!