11 сағат бұрын

Қазақстанның бірінші ракеткасы әлемдік топ-10-ға қайта оралды

Қазақстанның бірінші ракеткасы әлемдік топ-10-ға қайта оралды

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жұптық разрядтағы жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады.

Рейтингтің көш басында бельгиялық Элизе Мертенс қалды. Екінші орында чехиялық Катержина Синякова тұр. Ал үшінші орынды италиялық теннисшілер Жасмин Паолини мен Сара Эррани бөлісіп отыр.

Қазақстандық жұптық разрядтағы ең мықты теннисші Анна Данилина бір сатыға жоғарылап, әлемдік рейтингте 10-орынға көтерілді. Айта кетейік, Данилинаның ең үздік нәтижесі — 2025 жылдың маусым айында тіркелген сегізінші орын.

Сонымен қатар, Юлия Путинцева төрт орынға төмендеп, 106-сатыға сырғыды. Жібек Құламбаева да төрт позиция жоғалтып, рейтингте 137-орында тұр.



Біздің серіктес: Бізге тіркел!