10 сағат бұрын
Рыбакина турнир алдындағы сырқаты туралы ашық айтты
Қазақстандық теннисші, әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина Дохада өтетін ірі турнир алдында денсаулығына байланысты қиындықтар болғанын мәлімдеді.
Australian Open–2026 турниріндегі жеңістен кейін Рыбакина Катарға келіп, жүлде қоры 4 миллион доллардан асатын WTA 1000 санатындағы жарысқа қатысуды жоспарлап отыр. Алайда жол үстінде ол сырқаттанып қалғанын жасырмады.
— «Мұнда қайта оралғаныма қуаныштымын және матчтардың басталуын асыға күтіп жүрмін. Australian Open-тен кейін көп уақыт өткен жоқ, бірақ демалуға мүмкіндік болды. Үйге қайтып бара жатқанда суық тиіп қалды, сол себепті екі күн толық тынығуға тура келді, ештеңе істемедім. Қазір жағдайым жақсы, осы қарқынды жалғастыруға жақсы мүмкіндік бар деп ойлаймын», — деді Рыбакина.
Айта кетейік, Дохадағы турнирде Елена Рыбакина алғашқы айналымды өткізеді. Ол екінші кезеңде Ван Синьюй (Қытай) мен Эмилиана Аранго (Колумбия) арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!