6 сағат бұрын
Анна Данилина әлемнің үздік он теннисшісі қатарына қайта оралды
Фото: Қазақстан ҰОК
Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) жаңартылған рейтингінде қазақстандық спортшы бір сатыға көтеріліп, 10-орынға жайғасты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Үздік ондықтың қатарына қайта кіруге Аннаның Australian Open–2026 турниріндегі сәтті өнері себеп болды. Ол бұл жарыста сербиялық Александра Круничпен бірге жұптық сайыста финалға дейін жетті.
Мельбурндегі турнир аяқталғаннан кейін Данилина рейтингтің 11-сатысында тұрған еді. Алайда өткен апта ішінде ол былтырғы ұпайларын қорғай алмаған латвиялық Елена Остапенкодан озып кетті.
Бұған дейін, 2025 жылдың маусым айында «Ролан Гаррос» турнирінің финалына шыққаннан кейін Анна Данилина жеке рекордын жаңартып, әлемдік рейтингтің 8-орнына дейін көтерілген болатын. Ал өткен маусымды қазақстандық теннисші 15-орынмен аяқтады.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!