2 күн бұрын

Қазақстандық жас теннисші Ереван төрінде жеңімпаз атанды

Қазақстандық жас теннисші Ереван төрінде жеңімпаз атанды

Фото: Қазақстан ттеннис федерациясы

Армения астанасы Ереванда 12 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Tennis Europe сериясы бойынша халықаралық турнир аяқталды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Аталған доданың шешуші ойынында қазақстандық жас талант Габриель Брегвадзе айқын басымдық көрсетіп, жеңімпаз атанды.

Финалдық кездесуде Габриель ресейлік теннисшімен шеберлік байқасып, 7:5, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Бұл жетістік жас спортшының халықаралық аренадағы мансабының табысты басталуына жол ашты.

Айта кетерлігі, жас жеңімпаз Вера Тихомирова-Брегвадзенің жетекшілігімен шеберлігін шыңдап келеді.


Біздің серіктес: Бізге тіркел!