5 сағат бұрын

Елена Рыбакина Қатардағы турнирді сәтті бастады

Елена Рыбакина Қатардағы турнирді сәтті бастады

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Елена Рыбакина Дохада өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы Qatar TotalEnergies Open турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Sport12.kz.

 Отандасымыз екінші айналымда қытайлық Ван Синьюймен кездескен еді. Кездесу барысында ол қарсыласын 6:2, 6:4 есебімен жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды.

Өткен жылы қазақстандық теннисші бұл турнирде ширек финалға дейін жетті. Онда польшалық Иге Швентекке (2 орын) 2:6, 5:7 есебімен жол берді. 

Биыл турнирдің жүлде қоры 4 млн АҚШ долларын құрайды. Жеңімпаз 665000 АҚШ долдарын алады. 

Бұл турнирдің соңғы чемпионы американдық Аманда Анисимова (4 орын) болды. 



Біздің серіктес: Бізге тіркел!