1 күн бұрын

Рыбакинаның сенімді жеңісі жанкүйерлерді тәнті етті

Рыбакинаның сенімді жеңісі жанкүйерлерді тәнті етті

Әлеуметтік желідегі танымал The Tennis Letter парақшасы қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның Дохада (Қатар) өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдегі жеңісті бастауына жоғары баға берді.

Рыбакина жарысты екінші айналымнан бастап, әлемнің 33-ракеткасы қытайлық Ван Синьюйді екі сетте 6:2, 6:4 есебімен ұтты. Екінші сетте қазақстандық теннисші 2:4 есебімен ұтылып жатқанымен, ойын тізгінін өз қолына алып, матчты сенімді түрде аяқтады.

The Tennis Letter парақшасы Рыбакинаның қазіргі формасына ерекше тоқталып, оның 2025 жылдың соңынан бері өткізген 22 матчтың 21-інде жеңіске жеткенін атап өтті. Сондай-ақ жақында ғана Australian Open турнирінде әлемнің бірінші, екінші және алтыншы ракеткаларын жеңіп, чемпион атанғанын еске салды.

«Ең жоғары деңгейдегі машина секілді тұрақтылық», — деп жазды парақша авторлары.

Айта кетейік, Дохадағы турнир Рыбакина үшін Австралия ашық чемпионатындағы жеңістен кейінгі алғашқы жарыс болып отыр. Қазақстандық теннисші Қатар астанасындағы турнирде екінші нөмірмен тіркелген.



Біздің серіктес: Бізге тіркел!