6 сағат бұрын

Елена Рыбакинаның 400-ші мәрте жеңіске жетті

Елена Рыбакинаның 400-ші мәрте жеңіске жетті

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Әлемдік рейтингтің 3-ші сатысындағы Елена Рыбакина Дохадағы (Катар) WTA 1000 турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Жарыс жолына екінші айналымнан қосылған отандасымыз қытайлық Ван Синьюйді (WTA рейтингінде 33-орын) 6:2, 6:4 есебімен қапы қалдырды. Осы табысының арқасында ол турнирдің 1/8 финалына шықты.

Бұл жеңіс Елена үшін WTA аясындағы кәсіби мансабындағы 400-ші жеңіс ретінде тіркелді.

Қазіргі таңда оның қоржынында «Үлкен дулыға» турнирінің екі титулы, WTA Қорытынды турнирінің жеңісі, сондай-ақ екі WTA 1000, бес WTA 500 және екі WTA 250 турнирінің кубогы бар.


Біздің серіктес: Бізге тіркел!