12 сағат бұрын
Қазақстанның бірінші ракеткасы Дохада жеңіспен бастады
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Дохада (Қатар) өтіп жатқан турнирде сәтті өнер көрсетіп, ширек финалға жолдама алды.
Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге канадалық Лейла Фернандес пен франциялық Кристина Младеновичтен құралған жұпты үш сетте жеңді — 6:2, 4:6, 10:4. Кездесу 1 сағат 21 минутқа созылды.
Осылайша, қазақстандық- сербиялық дуэт турнирдің ширек финалына өтті. Келесі кезеңде олар аустралиялық Сторм Хантер мен Майя Джойнтқа қарсы ойнайды. Матч 12 ақпанда өтеді, басталуы — Астана уақытымен 17:00.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!