12 сағат бұрын

Рыбакина ірі турнирде жеңіс сериясын жалғастыра ма?

Рыбакина ірі турнирде жеңіс сериясын жалғастыра ма?

Танымал Sportskeeda.com басылымы Дохада (Қатар) өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалындағы Елена Рыбакина мен канадалық Виктория Мбоко арасындағы матчқа болжам жасады.

Кездесу 12 ақпанда өтеді.

Сарапшылардың пікірінше, екі теннисші де үшінші айналымда қиын матч өткізген. Рыбакина Чжэн Циньвэньге қарсы ойында шешуші сетте камбэк жасап, жеңіске жетсе, Мбоко Мирра Андрееваға қарсы матчта матчболдан аман қалып, келесі кезеңге өтті.

Қазіргі таңда әлемнің үшінші ракеткасы Рыбакина тоғыз матчтық жеңіс сериясымен келе жатыр. 2025 жылдың қазан айынан бері оның көрсеткіші — 22 жеңіс және 1 жеңіліс. Осы аралықта ол Australian Open турнирінде топ жарып, маусымды сәтті жалғастыруда.

Ал Мбоко да соңғы айларда жақсы формада. Ол 2025 жылы Гонконгтағы турнирде чемпион атанып, 2026 жылды Аделаидадағы финалмен және Australian Open турнирінің төртінші айналымымен бастады. Бұған дейін Рыбакинаны Canadian Open-2025 жарысында жеңген болатын.

Дегенмен мамандар бұл кездесуде қазақстандық теннисшіні айқын фаворит санайды.

Болжам: Рыбакина екі сетте жеңіске жетеді.



Біздің серіктес: Бізге тіркел!