3 сағат бұрын

Александр Бублик Роттердамдағы ATP 500 турнирін жеңіспен бастады

Александр Бублик Роттердамдағы ATP 500 турнирін жеңіспен бастады

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстан құрамасының көшбасшысы Александр Бублик Нидерландыда өтіп жатқан беделді турнирдегі алғашқы кездесуін сәтті өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бірінші айналымда ол әлемдік рейтингте 70-орында тұрған поляк теннисшісі Хуберт Хуркачты аса тартысты матчта жеңді. Хуркач рейтингте төмен болғанымен, Бублик үшін ең ыңғайсыз қарсыластардың бірі саналады.

Екі жарым сағатқа созылған кездесу нағыз мінез бен шеберліктің сыны болды. Александр алғашқы сетте тай-брейкте есе жібергенімен, кейін басымдықты өз қолына алып, ойын тағдырын өзгерте алды. Матч 6:7, 7:6, 7:5 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына аяқталды. Бұл жеңістің Бублик үшін психологиялық маңызы зор, өйткені ол бұған дейін польшалық теннисшіге қарсы ойындарда жиі жол беріп келген еді.

Роттердам турнирінің екінші айналымында Александр Бублик Германия өкілі Ян-Леннард Штруффпен кездеседі.


Біздің серіктес: Бізге тіркел!