Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

7 сағат бұрын

Анна Данилина Дохадағы WTA 1000 турнирінің финалына шықты

Анна Данилина Дохадағы WTA 1000 турнирінің финалына шықты

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстанның жұптық сындағы үздік теннисшісі Анна Данилина биылғы маусымда жоғары деңгейдегі ойын көрсетуін жалғастырып келеді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Дохада өтіп жатқан беделді WTA 1000 турнирінің жартылай финалында Анна сербиялық Александра Круничпен бірге Дабровски/Стефани жұбын сенімді түрде жеңді. Есеп — 6:3, 6:4.

Данилина үшін бұл — Australian Open додасынан кейінгі ірі жарыстардағы қатарынан екінші финал. Отандасымыздың мұндай тұрақтылығы оның әлемдік деңгейдегі шеберлігін дәлелдейді.

Бас жүлде үшін Данилина мен Крунич Эррани/Паолини — Се Шувэй/Остапенко кездесуінің жеңімпаздарымен ойнайды.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»