Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

5 күн бұрын

Александр Бублик Роттердамдағы турнирде жартылай финалға шықты

Александр Бублик Роттердамдағы турнирде жартылай финалға шықты

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Александр Бублик Роттердамда (Нидерланд) өтіп жатқан турнирде жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Sport12.kz. 

Бұл жөнінде Қазақстан теннис федерациясы мәлім етті. 

Отандасымыз ширек финалда өткен тартысты ойында испаниялық Хауме Мунарды жеңді. Есеп - 8:4, 6:7, 7:6. Осылайша Қазақстандық теннисші кәсіби мансабындағы 200-ші жеңісін тіркеді.

Еске сала кетейік, доданың беташар матчында Бублик өзі үшін ең ыңғайсыз қарсыластардың бірі — поляк теннисшісі Хуберт Хуркачты тартысты кездесуде қатардан шығарған болатын. Ал екінші кезеңде отандасымыз Германияның тәжірибелі спортшысы Ян-Леннард Штруффты үш сетте айқын басымдықпен жеңді. Ойын есебі — 7:6, 4:6, 6:3.




Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»