7 сағат бұрын
Анна Данилина Қатардағы турнирде чемпион атанды
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстанның жұптық сындағы үздік теннисшісі Анна Данилина Дохада өтіп жатқан беделді WTA 1000 турнирінде бас жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Отандасымыз биылғы маусымда жоғары деңгейдегі ойын көрсетуін жалғастыруда.
Ол Қатардағы турнирде әріптесі Александра Крунич екеуі жұптық сында жеңімпаз атанды. Олар финалда Се Шувэй/Остапенко жұбымен шеберлік байқасты. Нәтижесінде кездесу барысында 0:6, 7:6, 10:8 есебі тіркеліп, Анна Данилина мен Александра Крунич жұбы чемпиона атанды.
Олар жартылай финалда Анна сербиялық Александра Круничпен бірге Дабровски/Стефани жұбын сенімді түрде жеңді. Есеп — 6:3, 6:4.
Данилина үшін бұл — Australian Open додасынан кейінгі ірі жарыстардағы қатарынан екінші финал. Отандасымыздың мұндай тұрақтылығы оның әлемдік деңгейдегі шеберлігін дәлелдейді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»