4 күн бұрын
Анна Данилина жұптық рейтингіде рекорд орнатты
Қазақстандық теннисші Анна Данилина WTA жұптық рейтингісінде өз мансабындағы рекордтық орынды иеленді.
Өткен аптада Данилина Сербияның Александра Крунич-пен жұп болып Доха турнирінде (Катар) жеңімпаз атанды. Финалда олар Қытай Тайбэйінен Се Шувэй және латвиялық Елена Остапенко-ны 0:6, 7:6, 10:8 есебімен жеңді.
Бұл жеңіс Данилинаны жұптық рейтингіде 10-орыннан 7-орынға көтерді. Бұған дейін оның рекорды 8-ші орын болған. Крунич екі сатыға жоғарылап, 12-орынды иеленді.
Жендер «дабл» рейтингінде бірінші орынды бельгиялық Элизе Мертенс, екінші орынды чехиялық Катерина Синякова, ал үшінші орынды америкалық Тейлор Таунсенд иеленген.
Басқа қазақстандықтар: Юлия Путинцева 106-орыннан 110-орынға төмендеді, ал Жибек Куламбаева бір сатыға көтерілді — 136-шы орын.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»