Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

2 күн бұрын

Рыбакина бүгін WTA 1000 турнирінде алғашқы ойынын өткізеді

Рыбакина бүгін WTA 1000 турнирінде алғашқы ойынын өткізеді

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 3-орын) 17 ақпан, сейсенбі күні Дубайдағы (БАӘ) турнирдегі алғашқы кездесуін өткізеді.

Рыбакина екінші айналымнан бастап, австралиялық Кимберли Бирреллмен (WTA рейтингінде 94-орын) кездеседі. Матч тікелей эфирде Қазақстан уақытымен сағат 20:00-де көрсетіледі.

Өткен жылы Дубай турнирінде Рыбакина жартылай финалға дейін жетіп, ресейлік Мирра Андреевамен (7-орын) кездесіп, ұтылған болатын. Сол жылы Андреева финалда дат спортшысы Клара Таусонды (15-орын) жеңіп, чемпион атанған еді. Биылғы турнирде Рыбакина басты фаворит ретінде көрсетілген, ал Андреева тек 5-орыннан жарысқа қатысады.

Dubai Tennis Championships-2026 турнирінің жалпы жүлде қоры – 4 088 211 доллар. Жеңімпаз 665 000 доллар табыс табады және 1000 рейтингтік ұпайға ие болады.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»