3 сағат бұрын
Елена Рыбакина Дубай.WTA 1000 турнирін жеңіспен бастады
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстанның бірінші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакина Дубай.WTA 1000 турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген Елена Рыбакина екінші айналымда рейтингіде 94-орында тұрған аустралиялық Кимберли Биррелді тас-талқан етті — 6:1, 6:2.
Айта кетсек, бұдан бұрын Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатында топ жарды.
Қазақстандық теннисші соңғы бәсекеде әлемнің 1-ракеткасы, «Үлкен дулыға» турнирінің төрт дүркін чемпионы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен чемпиондық атақты сарапқа салды.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»