Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

1 күн бұрын

Елена Рыбакинаның Дубайдағы ойыны күтпеген есеппен аяқталды

Елена Рыбакинаның Дубайдағы ойыны күтпеген есеппен аяқталды

Елена Рыбакина Дубайдағы WTA-1000 категориялы турнирдің үшінші айналымында жарысты тоқтатты, деп хабарлайды Sport12.kz.

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина бүгін қарсылас ретінде WTA рейтингінде 67-орында тұрған Хорватия өкілі Антония Ружичпен ойнады.

Бүкіл матч барысында Елена Рыбакина өзіне тән ойынды көрсете алған жоқ. Ол бірінші сетті қиындықпен жеңген соң, екінші сетте жеңілді. Ал үшінші сеттің басында алғашқы геймді ұтылғаннан кейін медициналық топты шақырды.

Өкінішке орай, Қазақстанның бірінші ракеткасы ойынға қайта орала алмады және есеп 7:5, 4:6, 0:1 болған кезде Дубайдағы жарысты тоқтатты.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»