Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

7 сағат бұрын

Қарағандыда теннистен жасөспірімдер арасында халықаралық турнир аяқталды

Қарағандыда теннистен жасөспірімдер арасында халықаралық турнир аяқталды

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қарағанды қаласында жасөспірімдер арасындағы беделді халықаралық ITF J60 Karaganda турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.

 Жеке разрядтағы ақтық сындар жанкүйерлерге тартысты әрі әдемі ойын сыйлап, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді салтанатты марапаттау рәсімімен аяқталды.

Турнир қазақстандық теннисшілердің жоғары дайындық деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді. Қос финалда да отандастарымыз жеңіске деген жігерлігі мен шеберлігін көрсете білді.

Жеке разряд нәтижелері:

Қыздар:

- Турнир чемпионы: Адия Омарбек (Қазақстан) 

- Финалист: Мария Видутова (Қазақстан) 

Ұлдар:

- Турнир чемпионы: Арсений Требухин (Қазақстан) 

- Финалист: Ален Джуреску (Франция).


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»