Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

10 сағат бұрын

Рыбакинаның БАӘ-дегі матчтан не себепті бас тартқаны белгілі болды

Рыбакинаның БАӘ-дегі матчтан не себепті бас тартқаны белгілі болды

Қазақстандық теннисші, Australian Open-2026 чемпионы Елена Рыбакина Дубайда өтіп жатқан WTA турниріндегі үшінші айналым матчынан денсаулығына байланысты бас тартты.

18 ақпанда ол хорватиялық Антония Ружич қарсы кездесуді жалғастыра алмады.

Матч тартысты өтті: Рыбакина алғашқы сетті 7:5 есебімен ұтса, екінші партияда 4:6 есебімен есе жіберді. Шешуші сет басталғанда, есеп 0:1 болған сәтте қазақстандық теннисші медициналық үзіліс сұрады. Дәрігерлермен сөйлесу барысында ол жүрек айну, бастың ауырлығы және жалпы әлсіздік мазалағанын айтқан.

Медициналық штабпен кеңескеннен кейін Елена матчты жалғастырмау туралы шешім қабылдады. Осылайша, Ружич автоматты түрде турнирдің ширек финалына өтті.

Tennis.com мәліметінше, ресми себеп ретінде асқазан-ішек жолдарының ауруы көрсетілген.

Айта кетейік, Дубайдағы турнир Рыбакина үшін қаңтар айының соңында өткен Australian Open-2026 турниріндегі жарқын жеңісінен кейінгі екінші жарыс болды. Бұған дейін ол Дохада өткен турнирде ширек финалда канадалық Виктория Мбоко-ға жол берген еді.

Сондай-ақ, Рыбакина әлемдік рейтингтің үздік үштігіндегі орнынан айырылу қаупіне тап болды.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»