3 сағат бұрын
Анна Данилина Дубайдағы WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина мен сербиялық Александра Крунич Дубайда өтіп жатқан беделді WTA 1000 турнирінің ең үздік төрт жұбының қатарына енді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ширек финалда қазақстандық-сербиялық тандем тәжірибелі Людмила Киченок (Украина)/Дезире Кравчик (АҚШ) жұбынан басым түсті. Алғашқы сетті айқын басымдықпен иеленген Данилина мен Крунич екінші партияда қарсыластарына жол бергенімен, шешуші тай-брейкте жеңісті сенімді түрде жұлып алды. Кездесу 6:1, 4:6, 10:6 есебімен аяқталды.
Жұптық сында әлемдік рейтингтің рекордтық 7-сатысында тұрған Анна Данилина үшін бұл - ағымдағы маусымдағы кезекті табыс.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»