6 күн бұрын
Александр Бублик Дубайдағы беделді турнирді жеңіспен бастады
Қазақстанның үздік теннисшісі Дубайдағы ATP-500 категориялы турнирдің жұптық сайысын сәтті бастады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бірінші айналымда Александр Бублик пен қытайлық теннисші Цзючжэн Шанның қарсыластары Қытай Тайбэйінен Рэй Хо және Германиядан Хендрик Йебенс болды.
Бірінші сетте жеңілген соң, Бублик пен Шан екінші партияны жеңді. Барлығын тай-брейк шешті. Ол жерде Александр Бубликтің жұбы 4:6, 6:4, 12:10 есебімен басым түсті.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов