6 күн бұрын
Қазақстандық теннисші WTA 500 турнирінен шығып қалды
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева (WTA рейтингінде 77-орын) Мексиканың Мерида қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы хард турнирінде жарысты сәтсіз бастады.
1/16 финалда қазақстандық спортшы 20 жастағы андорралық Виктория Хименес-Касинцевамен (122-орын) кездесті. Путинцева матчтың айқын фавориті саналғанымен, үш сет қорытындысы бойынша күтпеген жерден жеңіліс тапты — 4:6, 6:1, 4:6. Кездесу 2 сағат 32 минутқа созылды.
Осылайша, Юлия Путинцева турнирдегі өнерін аяқтады. Ал Хименес-Касинцева 1/8 финалға жолдама алып, келесі кезеңде Магда Линетт (47-орын) пен Татьяна Мария (55-орын) арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»