7 сағат бұрын
Анна Данилина әлемдік рейтингтегі орнын жақсартты
Фото: Қазақстан ҰОК
Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының жұптық сындағы көшбасшысы Анна Данилина WTA әлемдік рейтингтегі орнын жақсартты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті мәлім етті.
Жаңартылған тізімде қазақстандық теннисші бір саты жоғарылап, қазір алтыншы орында тұр. Бұл - оның мансабындағы ең үздік көрсеткіш.
Елена Рыбакина әлемдік рейтингте үшінші орнын сақтап қалды.
Сондай-ақ үздік ондықтың қатарында Александр Бублик те бар. Ол оныншы орынға тұрақтады.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»