Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

3 күн бұрын

Қазақстандық теннисші Сингапурда өнер көрсетеді

Қазақстандық теннисші Сингапурда өнер көрсетеді

Қазақстандық үстел теннисшісі Алан Құрманғалиев Сингапурда өтетін WTT Singapore Youth Smash турнирінде өнер көрсетеді. Ұлттық құраманың өкілі U19 жас санатында бақ сынайды.

Жеребе қорытындысы бойынша Курманғалиев №1 топқа түсті. 26 ақпанда ол даниялық Доминикас Самуолиспен кездеседі. Ал 27 ақпанда қазақстандық спортшы Қытай өкілі Ю Хайянға және Сингапур теннисшісі Сеа Бенайиға қарсы ойнайды. Топтық кезең нәтижесі бойынша плей-оффқа шығатын қатысушылар анықталады.

WTT Singapore Youth Smash турнирі World Table Tennis ұйымының аясындағы жастар арасындағы беделді жарыстардың бірі саналады және әлемнің үздік жас ойыншыларын жинайды.

Айта кетейік, Алан Құрманғалиев Ислам ойындарында командалық сында Кирилл Герасименко және Айдос Кенжеғұловпен бірге алтын медаль жеңіп алған.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»