Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

5 сағат бұрын

Астанадағы Ұлттық теннис орталығы ITF-нің «Алтын мәртебесіне» ие болды

Астанадағы Ұлттық теннис орталығы ITF-нің «Алтын мәртебесіне» ие болды

Фото: nur.kz

Астанадағы «Beeline Arena» Ұлттық теннис орталығы Халықаралық теннис федерациясының (ITF) ресми «Алтын мәртебесіне» (Gold Level Recognition) ие болды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Осы уақытқа дейін әлем бойынша мұндай деңгейдегі жетістікпен тек 6 мемлекет — Франция, АҚШ, Ұлыбритания, Нидерланды, Канада және Швейцария ғана мақтана алатын. Енді Қазақстан да осы озық елдердің тізімін ресми түрде толықтырды.

Бұл еліміздегі спорттық инфрақұрылым мен ойыншыларды даярлау жүйесінің ең жоғары әлемдік талаптарға сай екенін мойындау. ITF комиссиясы спортшыларымыздың нәтижелері мен жаттықтырушылардың біліктілігінен бастап, ойын тазалығы мен барлық процестердің ашықтығына дейінгі әрбір тетікті жіті бағалады.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»