Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

10 сағат бұрын

Александр Бублик Дубайдағы жағдайдың тұрақсыздығына қатысты пікірін білдірді

Александр Бублик Дубайдағы жағдайдың тұрақсыздығына қатысты пікірін білдірді

ATP-500 санатындағы Дубай турниріндегі өнерін аяқтаған қазақстандық теннисші Александр Бублик 28 ақпанға қараған түні Лос-Анджелеске ұшып кетті, деп хабарлайды Sport12.kz.

28 ақпан таңертең Израиль мен АҚШ Иранға соққы жасады. Flydubai әуе компаниясы Иран, Ирак және Израиль әуе кеңістігінің уақытша жабылуына байланысты рейстер кестесіне өзгерістер енгізілгенін хабарлады.

«Дубайдан ұшып шықтық, ішімнен аман-есен жетсек екен деп ойладым. Иранның әуе кеңістігінен шыққан соң жаңалықтарды ашсам, жағдай осылай болып жатыр екен», — деп жазды Бублик өзінің Telegram-арнасында.

Айта кетейік, Қазақстан Тауя Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты ұшақтардың жүру бағытын өзгертіп жатыр.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»