8 сағат бұрын
Қазақстанның бірінші ракеткасы ширек финалға өтті
Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен жұптасып, BNP Paribas Open турнирінің ширек финалына жолдама алды.
Индиан-Уэллсте (АҚШ) өткен 1/8 финал матчында Данилина мен Крунич украин-америкалық жұп — Людмила Киченок / Дезире Кравчикті екі сетте жеңді — 6:4, 6:1.
Кездесу барысында Анна мен Александра екі эйс жасап (қарсыластары бірде-бір рет допты тура беріп ұпай ала алмады), төрт қос қателік жіберді. Сондай-ақ олар он брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдаланды.
Айта кетейік, Анна Данилина WTA рейтингінде жұптық сында Қазақстанның ең үздік теннисшісі саналады — ол әлемдік рейтингте жетінші орында тұр. Ал оның серіктесі Александра Крунич сегізінші сатыда
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»