6 сағат бұрын
Рыбакина танымал жұлдыздарды командасына шақырды
Қазақстандық теннисші, әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина BNP Paribas Open турнирі аясындағы челленджге қатысып, матч кезінде өз боксында көргісі келетін үш атақты таңдады.
Теннисші актриса әрі модель Лили Коллинзді, голливуд жұлдызы Зендеяны және Гарри Поттер рөлін сомдаған актер Дэниел Рэдклиффті атады.
«Кеше мен Лили Коллинзбен таныстым, сондықтан оны, мүмкін әкесін де боксымнан көргім келеді. Сондай-ақ Зендеяны да шақырғым келеді — ол осында болды, бірақ менің матчымды көрген жоқ. Ал тағы біреу — Дэниел Рэдклифф», — деді Рыбакина.
Еске салайық, ертең Елена Рыбакина турнирдің үшінші айналымында украинадық теннисші Марта Костюкпен кездеседі.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»