Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

5 сағат бұрын

Янник Синнер: журналистердің біркелкі сұрақтарына жауап бере берген ұнамайды

Янник Синнер: журналистердің біркелкі сұрақтарына жауап бере берген ұнамайды

Төрт дүркін «Үлкен дулыға» турнирлерінің чемпионы, әлемнің екінші ракеткасы, италиялық теннисші Янник Синнер кәсіби теннисшінің өмірінде өзіне ең ұнамайтын дүниесі жайлы айтып берді, деп хабарлайды Sport12.kz

«Маған ең аз ұнайтыны - пресс-конференциялар. Өйткені онда үнемі бірдей сұрақтарға жауап бересің. Маған бұл мүлде ұнамайды деп айта алмаймын. Бұл жұмыстың бір бөлігі ғой. Мен алаңға шығып, ойнағанды және өмір сүргенді жақсы көремін. Біздің өміріміз өте керемет деп ойлаймын. Біз соншалықты ғажайып жерлерді көреміз… Әрине, мұны жыл сайын қайта-қайта істегенде, көбіне бір жерлерге қайта барасың. Сондықтан алдын ала қай жер саған көбірек ұнайтынын, ал қайсысы сәл азырақ ұнайтынын білесің.

Меніңше, біздің өміріміз өте әдемі, өте жайлы және өте қауіпсіз. Өйткені бізді керемет адамдар қоршап жүр. Мен өзімді өте бақытты жағдайда деп санаймын. Себебі, көптеген адамдармен бірге саяхаттай аламын. Мұнда менің бірнеше досым бар. Сондықтан, шын мәнінде, маған мүлде ұнамайтын ештеңе жоқ. Бәлкім, бәрі жалпы алғанда осылай шығар», — деді Синнер пресс-конференцияда.

Айта кетейік, қазіргі сәтте Янник Синнер ерлер арасындағы бәсекеде ең мықты теннисшінің қатарына кіреді.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»