5 сағат бұрын
Елена Рыбакина екі сетте жеңіске жетті
Казақстанның ең үздік теннисшісі Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 3-орын) Индиан-Уэллс (АҚШ) турнирінің 1/16 финалында украин спортшысы Марта Костюкпен (28-орын) кездесіп, екі сетте басымдық танытты — 6:4, 6:4. Матч 1 сағат 26 минутқа созылды.
Осылайша, Рыбакина турнирдің 1/8 финалына жолдама алды. Келесі қарсыласы — Ұлыбритания өкілі Сонай Картал (54-орын), ол бүгін таңертең астаналық уақыт бойынша америкалық Мэдисон Кизді (15-орын) күтпеген жеңіспен жеңді.
Айта кетейік, Индиан-Уэллстің әйелдер арасындағы басты турнир жеңімпазы 1 151 380 доллар сыйлықақы алады және 1000 рейтингтік ұпаймен марапатталады.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»