2 сағат бұрын
Анна Данилина Индиан-Уэллс турнирінің ширек финалына шықты
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге WTA 1000 турнирінің 1/8 финалынан сәтті өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Олар Людмила Киченок (Украина) / Дезире Кравчик (АҚШ) жұбын 6:4, 6:1 есебімен қапы қалдырды.
Анна мен Александра ойын барысында 2 эйс жасап, брейк-пойнттардың тең жартысын (10-нан 5-еуін) пайдаланды. Айта кетейік, Калифорниядағы «Мастерс» турнирінің алғашқы айналымында Данилина мен Крунич Стивенс / Векич сынды тәжірибелі жұпты жарыс жолынан шығарған болатын.
Осыған дейін Данилина мен Крунич Австралия ашық чемпионатының (Australian Open) финалына дейін жетіп, Доха турнирінде чемпион атанған еді. Осы нәтижелердің арқасында қазақстандық теннисші WTA жұптық рейтингінде 6-орынға көтерілді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»