6 сағат бұрын
Қазақстан құрамасы теннис арбасындағы Азия іріктеуінде қола алды
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
2–6 наурыз аралығында өткен теннис арбасындағы әлем чемпионатының Азия аймақтық іріктеу турнирінде Қазақстан әйелдер құрамасы қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Құрама сапында Қарағанды қаласының өкілі Айжан Бутимбаева мен Ақтөбеден Жанат Умуткулова өнер көрсетті. Команданы капитан Жасулан Алниязов бастап барды.
Қола жүлде тағдыры шешілген кездесуде қазақстандық теннисшілер Үндістан құрамасымен ойнады. Жеке ойындардан кейін есеп 1:1 болып, бәрін шешкен жұптық матчта біздің спортшылар үш сетке созылған тартысты кездесуде жеңіске жетті.
Супер тай-брейкте 10:5 есебімен басым түсіп, Қазақстан құрамасы Азия іріктеу кезеңін қола медальмен аяқтады.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»