Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

4 күн бұрын

Рыбакина Индиан-Уэллсте қанша сыйақыға ие болды?

Рыбакина Индиан-Уэллсте қанша сыйақыға ие болды?

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Indian Wells Open турнирінің ширек финалына шығып, қомақты сыйақыға ие болды.

1/8 финалда қазақстандық спортшы Ұлыбритания өкілі Сонай Карталды жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды. Осы нәтижесі үшін Рыбакина 193 645 доллар жүлде қоры мен 215 рейтингтік ұпайға қол жеткізді.

Бұған дейін ол турнир барысында америкалық Хейли Баптист пен украиналық Марта Костюкті жеңген еді.

Айта кетейік, жарыстың жалпы жүлде қоры 9 415 725 долларды құрайды. Ал турнир жеңімпазы 1 511 380 доллар мен 1000 рейтингтік ұпай алады.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»