4 күн бұрын
Қазақстандық теннисші үш сетте жеңіліп қалды
Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин ITF M25 Kolkata турниріндегі өнерін ерте аяқтады.
1/16 финалда қазақстандық спортшы ресейлік Бекхан Атлангериевпен кездесіп, үш сет қорытындысы бойынша жеңіліп қалды — 7:5, 3:6, 2:6. Матч 2 сағат 42 минутқа созылды.
Ломакин алғашқы партияда жеңіске жеткенімен, кейін қарсыласы ойын тізгінін қолға алып, кездесудің тағдырын өз пайдасына шешті.
Келесі кезеңде Атлангериев үндістандық Каран Сингхпен ойнайды.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»