3 күн бұрын
Рыбакина Billie Jean King Cup матчтарына қатыспайды
Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина алдағы Billie Jean King Cup іріктеу кезеңінде ұлттық құрама сапында өнер көрсетпейді.
Қазақстан теннис федерациясы әйелдер құрамасының ресми тізімін жариялады. Команда құрамына Анна Данилина, Юлия Путинцева, Жібек Құламбаева, Аружан Сағандыкова және Соня Жиенбаева енді.
Федерация мәліметінше, әлемнің үшінші ракеткасы Рыбакинаның бұл кездесуге қатыспау туралы шешімі спортшының командасымен және федерациямен бірлесіп қабылданған. Биылғы маусымдағы негізгі мақсат — WTA рейтингінде бірінші орынға көтерілу.
Қазіргі уақытта Рыбакина Indian Wells Open турнирінің жартылай финалына шығып, live-рейтингте алғаш рет WTA тізімінде екінші орынға көтерілді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»