3 күн бұрын
Қазақстанның бірінші ракеткасы финалға жолдама алды
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина АҚШ-та өтіп жатқан беделді WTA 1000 турнирында финалға жолдама алды.
Жартылай финалда Данилина сербиялық Александра Круничпен жұптасып, испаниялық Кристина Букша мен америкалық Николь Меликардан құралған дуэтпен кездесті.
1 сағат 20 минутқа созылған матчта қазақстандық-сербиялық жұп екі сетте жеңіске жетті — 6:3, 6:4.
Осы жеңістің арқасында Данилина мен Крунич турнирдің финалына шықты. Шешуші ойында олар Сара Эррани / Жасмин Паолини және Катерина Синякова / Тейлор Таунсенд жұптарының жеңімпаздарымен ойнайды.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»