Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

3 күн бұрын

WTA Рыбакинаның Индиан-Уэллстегі жеңісін бағалады

WTA Рыбакинаның Индиан-Уэллстегі жеңісін бағалады

Women’s Tennis Association (WTA) қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның Indian Wells Open турнирінің жартылай финалына шығуына қатысты пікір білдірді.

Турнирдің 1/4 финалында Рыбакина америкалық Джессика Пегуланы екі сетте жеңді — 6:1, 7:6 (7:4). Кездесу 1 сағат 30 минутқа созылды. Екінші сетте қазақстандық теннисші есепте артта қалып, ойынға қайта оралып, матчты өз пайдасына аяқтады.

WTA әлеуметтік желідегі ресми парақшасында: «Жартылай финал қамтамасыз етілді. Елена Рыбакина екінші сетте ойынға қайта оралып, Пегуланы екі партияда жеңді», — деп жазды.

Жартылай финалда Рыбакина украиналық Элина Свитолинамен кездеседі.

Айта кетейік, Indian Wells Open турнирінің жеңімпазы 1 151 380 доллар сыйақы және 1000 рейтингтік ұпай алады.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»