2 күн бұрын
Елена Рыбакина Индиан Уэллс турнирінің финалына шықты
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Индиан Уэллс турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл оның мансабындағы ең үздік нәтиже. Финал жолдамасын Элина Свитолинамен сарапқа салды. Нәтижесінде қарсыласынан 7:5, 6:4 есебімен басым түсті.
Бұл жеңіс Рыбакинаны финалға шығарып қана қоймай, оның әлемнің екінші ракеткасы деген жаңа мәртебесін бекіте түсті. Қазір Елена жоғары деңгейдегі ойын үлгісін көрсетіп, матчтың шешуші сәттерінде қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырмай жүр.
Алдыда басты кездесу. Бас жүлде үшін Елена тағы да өзінің негізгі қарсыласы – Арина Соболенкомен (№1 WTA) кездеседі. Естеріңізге сала кетейік, олардың соңғы рет Australian Open финалындағы кездесуінде Елена жеңіске жетіп, чемпион атанған болатын.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»