Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

6 сағат бұрын

Елена Рыбакина: рейтингте бірінші орында болуды көздеймін

Елена Рыбакина: рейтингте бірінші орында болуды көздеймін

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA (Әйелдер теннис қауымдастығы) рейтингінің көшін бастау мүмкіндігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz.

АҚШ-та өткен Индиан-Уэллс турнирінің қорытындысы бойынша, ол алғаш рет рейтингте екінші орынға көтеріледі.

«Әрине, менің мақсатым – рейтингте одан әрі жоғарылап, бірінші орынға шығу. Бірақ бұл үшін көп еңбек ету керек екенін түсінемін. Әрі көп нәрсе басқа теннисшілердің нәтижесіне де байланысты. Иә, бұл – менің келесі маңызды мақсатым. Биыл оны орындап көруге тырысамын», – деді Елена Рыбакина Индиан-Уэллс турнирінің финалына шыққаннан кейінгі баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетейік, Индиан-Уэлсс турнирінің финалында Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен ойнайды. Шешуші матч 15 наурыз күні Астана уақытымен 23:00-де өтеді.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»